Бұл туралы ресми статистиканы аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, Самар ауданының 2024 жылға бекітілген бюджет көлемі 1 млрд 982,7 млн теңгені (түзетілген бюджет көлемі – 2 473,6 млн теңге) құрайды (жоғарғы бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер мен несиелерді қоспағанда).
– 2025 жылға бюджет 2 млрд 347,1 млн теңге көлемінде жоспарланған, бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 18,4% өсуді көрсетеді. Биылға ауданның түзетілген жеке табыс болжамы 1 млрд 878,7 млн теңгені құрайды, – деді ол.
Жыл басталғалы он айды алғанда жеке табыс жоспары 1 млрд 317,4 млн теңге болған, ал 2024 жылғы 1 қарашадағы нақты орындалған сома 1 миллиард 628,0 млн теңге.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер