A+ A A-

talgatzhan 38 6-12-2024, 11:00 0

Самар ауданындағы үш ауыл әлі таза ауызсудан қол үзіп отыр

Самар / Бүгін

Мәлім болғандай, Аққала, Құлынжон, Көкжыра ауылдарында су құбырлары жүйесі жұмыс істемейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы тақырыпқа қатысты ақпараттарды аудан басшысы Қайдар Сұрашев ұсынды. Оның сөзінше, ауданда халықты сапалы ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету саласында 18 елдімекен (82%) ауыз сумен қамтамасыз етілген. 
– Оның ішінде 8 ауылдық елді мекенде блочно-модульдік станциялар орнатылған (Қараөткел, Шұбарқайың, Новостройка, Подгорное, Қайынды, Жанажол, Мойылды, Раздольное, Қойтас, Қарақол, Песчанка). Сонымен қатар, 4 елді мекенде (Аққала, Құлынжон, Көкжыра, Көкжота) жаңа су құбырлары жүйелері салынған, бірақ қазіргі уақытта Аққала, Құлынжон, Көкжыра ауылдарында су құбырлары жүйесі жұмыс істемейді, – деді Қайдар Сәйкенұлы.
Жауапты тұлғаның сөзінше, бұл мәселелер бойынша мердігер ұйым мен лауазымды тұлғаға қатысты сот процесстері жүргізілуде. 
– Қазіргі уақытта Аққала, Құлынжон, Көкжыра ауылдарындағы су құбырлары жүйелерін қабылдау жұмыстары жүргізілуде. «Самар» КМК ШЖҚ ұйымы параллельді түрде техникалық тексеру жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылы су құбырлары жүйелерін іске қосу үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив