A+ A A-

talgatzhan 46 10-12-2024, 15:30 0

Самар ауданында жүзуден ашық біріншілік өтті

Самар / Бүгін

Спортсүйер қауым жуықта ғана Самар ауылындағы аудандық бассейнде өткен жүзуден ашық біріншілікті тамашалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауданда алғаш рет өткізіліп жатқан жарысқа 80-нен астам спортшы қатысты. Шара Тәуелсіздік күніне орайластырылған.
– Жарыстың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын дәріптеу, спорттық жүзуді, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау. Сондай-ақ сайыс республикалық турнирлерге қатысатын үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік береді, – деді ұйымдастырушылар.
Сайыстың ашылу салтанатында қатысушыларды Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сайкенұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Гүлнәр Қасымжомартқызы құттықтады.
Мұнда кіші топтар өнер көрсетті. Атап айтқанда, 2012-2017 жылы туған жасөспірімдер бақ сынасты. Әр спортшы екі түрлі қашықтықта өнер көрсетті. Ашық біріншілікке оқушылар көрші Күршім ауданынан да келіп қатысты.
Жарыс соңында тартысты додада топ жарған спортшыларды марапаттау рәсімі өткізіліп, сыйлықтар табысталды.

Қанағат ҚАСЫМҰЛЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив