Аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашевтің сөзінше, 18 мектепте «Starlink» кешендері орнатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, облыс бойынша жыл басталғалы 29 елдімекен кең жолақты интернетке қосылды.
– Республикалық «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес қалған 155 ауылды 2027 жылдың соңына дейін интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Бірақ біздің мақсатымыз – бұл мәселені екі жыл ішінде шешу. Самар ауданындағы 19 білім беру ұйымының 18 мектебінде жоғары жылдамдықты интернетке қосылуды қамтамасыз ету үшін «Starlink» кешендері орнатылды, – делінген Қайдар Сәйкенұлының баяндамасында.
Әкімдік мәліметінше, Самар ауылында 5 723 адам тұрады. Ауылда ұялы байланыс операторларының базалық станциялары орнатылған: АО «Кселл» (маркасы – Актив/Кселл), ТОО «Кар Тел» (маркасы – Билайн), ТОО «Мобайл Телеком Сервис» (маркасы – Теле2/Алтел). Самар ауылындағы 2 мектепте «Starlink» кешендері орнатылған. КГУ «Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп» ғимаратына АО «Қазақтелеком»-нан мыс-оптикалық байланыс желісі тартылыпты.
– Дегенмен ауыл тұрғындарынан ұялы байланыс және интернет сапасына қатысты бірнеше рет шағымдар түскен. Ауылда байланыс күшейткіштері (репитерлер) болғандықтан, Цифрландыру және архивтер басқармасы базалық станциялардың өткізу қабілетін арттыру жұмыстары және репитерлерді жою жөнінде тұрғындармен келіссөздер жүргізілуде, – деді әкімнің орынбасары.
Пікірлер