Самар ауылында жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық ғимарат пен үйдің шатыры өртеніп кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жалпы аумағы 70 шаршы метрді құрайтын өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша, тілсіз жаудың шығуының алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Осы тұста ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтап, өрт қаупін төндіретін жағдайлардың алдын алуды сұрайды.
Фотосурет: ШҚО ТЖД
Пікірлер