A+ A A-

talgatzhan 36 24-09-2024, 11:40 0

Самардың балығы Еуропаға экспортталып жатыр

Самар / Бүгін

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Майкеневтің сөзінше, саудаға түскен өнімнің көбі көксеркенің сүбе еті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір «Дигам» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балық және теңіз өнімдерін жан-жаққа жөнелтуде. Басты ғимараты Алматыда екен. Оның екі филиалы Шығыс Қазақстанда. Бірі - Күршімде, екіншісі - Самарда.
- Жылына шамамен 300 тоннадай өнім шығарады. Көбінде көксеркенің сүбе еті сатылады. Басқа да өнім түрлері бар. Соның басым бөлігі Алматы арқылы Еуропа халқына жіберіледі. Зайсан көлінен ауланатын балықтарға сұраныс қашан да жоғары. Нақты қай елдер екенін білмедім, бірақ саудамыз бір бағытқа қойылып келеді. Шет елмен шектеліп қалмай, ішкі нарықты да қамту жоспарда бар. Балық өнімдерін самарлықтар өткізетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен көре аласыздар, - деді ол.

Фотосурет Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив