A+ A A-

talgatzhan 0 21-02-2025, 17:31 0

Самар ауылдық округінің әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жазаланды

Самар / Бүгін

Самар ауылдық округінің әкімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, басқа әлеуетті жеткізушілердің тендерге тең қатысу мүмкіндігінен айырып, бір көзден бір ғана ЖШС-мен негізсіз екі шарт жасасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Прокуратура берген ақпаратқа сүйенсек, келісімшарттардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты. Бұл қаражатқа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға қоршау және аудан орталығына бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары сатып алынған. Алайда, соңғы шарт бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін ішінара төлем жасалған.

- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін ШҚО аудан прокуратурасының қаулысына сәйкес, Самар ауылдық округінің әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген ресми деректе.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасы қағидаттық ұстаным танытып, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп кеңесінің қарауына ауыл әкіміне тәртіптік жауапкершілік шарасын қолдану туралы ұсыныс енгізді. Бұл заңды тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда заңсыз артықшылық беруі арқылы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруіне байланысты болды.

Фотосурет: kazpravda.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив