A+ A A-

talgatzhan 29 24-09-2024, 14:35 0

Самар ауданындағы ауылдар қашан таза ауызсуға қосылады?

Самар / Бүгін

Құлынжон ауылдық округіне қарасты Көкжыра мен Құлынжон елдімекендері бес жылдан бері қуанышты хабар күтіп жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Майкенев бұны әлі де өзекті тақырып екенін жасырмады. Бір есептен, ауыл тұрғындары мұны округ әкімдері арқылы да жеткізіп, тезірек шара қолданылуын талап етуде. 
- Бастаушы ауылдық округіне қарасты Көкжота ауылында кезінде қаражат бөлініп, су жинағыш (водозабор) салынып басталған болатын. Бірақ іс соңына дейін жеткен жоқ. Биыл 6,5 млн теңге бөлінді. Енді жобасын дайындап, келесі жылы нүктесі қойлады деген сенімдеміз. Ал Көкжырадағы жайт күрделі мәселе. Бұған қатысты сот өтіп, оның шешімі шықты. Бүгінде ол нысан балансқа алынып, техникалық қорытынды әзірлемекпіз. Осыдан барып, нысанды іске қосу үшін қандай жұмыстар аяқталуы тиіс дегенді ойластырамыз. Егер қаржы бөлінсе, ақау шыққан жерлерді биыл жөндеп бітуге тырысамыз. Болмаса, келесі жылы аяқтап, халық игілігіне беру жоспарда бар, - деді Жасұлан Талғатұлы.
Еске сала кетейік, Құлынжон ауылындағы ауызсу құбыры 2019 жылы тартылған болатын. Бөлінген 500 млн теңге қаржы игерілгенмен, таза ауысзу еш тұрғын қосылған жоқ.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив