A+ A A-

talgatzhan 29 8-10-2024, 16:07 0

Самар ауданында табиғат аясында тынығып жүргендер тәртіп бұзған

Самар

Ақпарат облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл жасағы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, жедел қимыл жасағы өкілдері жуықта Самар ауданы бойынша рейд жүргізген. Табиғатты қорғау әркез қызметкерлердің күн тәртібінде. - Өңірдің табиғи ресурстарын қорғау мақсатында, сондай-ақ табиғатты пайдалану кезінде туындайтын құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жедел рейдтік шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, Самар ауданына қарасты «Шығыс», «Александровка», «Зеленовка», «Жаутеген», «Мұнара» нысандарында, «Шарова», «Жұмба» омарталарында, «Димитрово», «Койтас» демалыс орнында, сондай-ақ «Бөкен» өзенінің сағасы қамтылды, - делінген ақпаратта. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 4 құқықбұзушылық анықталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив