A+ A A-

talgatzhan 25 15-10-2024, 09:50 0

Самар ауданында өткен дзюдодан облыстық жарыс 250 спортшының басын қосты

Самар / Бүгін

Сайыс Қарттар күні қарсаңында қолға алынды. Самар ауылында өткен бәсекеде 2011-2012 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірмдер өз мүмкіндіктерін байқады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Татами бәсекесін Самар балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. 
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сәйкенұлы құттықтау сөзін сөйлеп, қарттарды мерекелерімен құттықтады. Артынша Самар балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Жандос Серікұлы аға буын өкілдерін құттықтап, құрметін көрсетті. 
– Ауданымыздағы қарттардың басын қосып, иығымызға шапан жауып, керемет ұйымдастырып жатқан спорт мектебінің басшылығына алғысымыз шексіз. Бір марқайып қалдық. Ауданымыз үшін атқарып жатқан жұмыстарыңа жеміс, жеңіс тілейміз. Сонымен қатар алыс-жақыннан осы жарысқа қатысып жатқан спортшы жастарымызға ақ жол тілеймін, – дейді қонақтарымыздың бірі Айдархан Фазылғаламұлы. 
Аталған жарысқа он ауданнан 25 команда, 250 спортшы қатысты. Облыстық сайыс деп айтқанымызбен, көршілес Абай облысының да жасөспірімдері бақ сынасты. 
Кіл мықтылар жиналған спорттық жарыс өте тартысты өтті. Балалар ширақ, жылдам, шебер қимылдап, өзгеше әдіс-тәсілімен көрермен қошеметіне бөленіп жатты. Таңнан басталған бәсеке кеш бата әрең аяқталды. 
Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. 
– Мекемеміз Қарттар күніне орай осындай ауқымды жарыс ұйымдастырды. Үлкендердің батасын алдық. Жарыстың мақсаты – жастар арасында спортты дәріптеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Әр жарыстан әр спортшы өзіне қажетті әдіс-айла, тәсілдер үйренеді. Сондықтан жасөспірімдер арасында осындай жарыстар жиі ұйымдастырылу керек деп ойлаймын. Осы орайда жан-жақтан келіп, жарысқа қатысып жатқан әріптестерімізге алғыс айтамын, – дейді Самар балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жандос Серікұлы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив