444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Самар ауданында кәсіпорын 37 жұмысшыға жалақы төлемеген

Самар ауданында кәсіпорын 37 жұмысшыға жалақы төлемеген [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]
Самар ауданындағы кәсіпорынның 37 жұмысшыға жалақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 
ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, прокурорлар жүргізген талдау барысында «Самар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбек кодексі талаптарын бұзғаны анықталған.
 
«Кәсіпорын 37 қызметкерге тамыз айында жалпы сомасы 4,1 млн теңге жалақы төлемеген. Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы борыш қазан айында толық көлемде өтелді», - делінген ақпаратта.
 
Сондай-ақ жалақыны уақытылы төлемегені үшін кәсіпорынға ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша 60 АЕК (221 520 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив