Соңғы жылдары Самар жағалауында орналасқан демалыс базалары мен лагерьлерге келушілер саны артқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Демалыс орындарының басым бөлігі Миролюбовка және Новостройка ауылдары арасында, бір бөлігі Сарыбелге дейін созылған. Бір кездері Самардан Васильев өткеліне дейін бірнеше автобус жүріп тұрған еді. Қазір тынығушылар демалыс аймағына жеке көлікпен немесе таксимен жетеді.
Алда нағыз туристік нысанға айналуы мүмкін орынның логистикасы туралы өзекті сұраққа ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Акрамов жауап берді.
– Бүгінде Самарға дейінгі бұрылысқа Өскемен – Күршім бағытындағы бір ғана автобус жүреді. Егер сұраныс туындаса, Самар жағалауындағы базаларға маусымдық автобус бағытын ашуға мүмкіндігіміз бар, – деді Қуаныш Акрамов.
Фотосурет Freepik сайтынан
Пікірлер