A+ A A-

talgatzhan 40 21-11-2024, 10:10 0

Шемонаиха өнерпаздары Өскеменде гала-концерт өткізеді

Шемонаиха / Бүгін

Танымдық шара «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК көрермендер залында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Туған жер - алтын бесігім» акциясы аясында 22 және 23 қараша күндері Шемонаиха ауданының мәдениет күндері өтеді. 22 қарашада Протозанов көшесі, 43 мекенжайындағы облыстық филармония ғимаратында Шнитке атындағы Саратов филармониясының солисті, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері, Шемонаиха ауданының тумасы Андрей Медведев ән шырқайды. Сондай-ақ «Юность» және «FREEZE LIGHT» үлгілі хореографиялық ұжымдарының, «Жұлдыздар» вокалдық тобы, республикалық байқауларының жүлдегері «Децима» вокалдық тобының қатысуымен гала-концерті ұйымдастырылады.
23 қараша күні сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, сіздерді тегін палау, ыстық бауырсақ, тоқаш, ыстық шай, қымыз және ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең таңдауы күтеді. 
Сағат 09:30-да Шемонаиха ауданының әртістері музыкалық керемет шығармаларды орындау арқылы сізге жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Сағат 10:00-де барлық ниет білдірушілер қатыса алатын спорттық жарыстар өтеді. 

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив