«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында ауданда биыл бірде-бір үй салынбады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған бағдарлама мұнда 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында сол жылы ауданда 20 үй сатып алынды. Аудан басшысының орынбасары Бақытжан Молдахановтың сөзінше, 2022 жылы көпбалалы, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 20 отбасыға тұрғын үй берілді.
– Берілетін үйлердің ауданы мен бөлме саны тұрғын үй алушылардың санатына байланысты беріледі. 2022 жылы 85 м² және одан үлкен үйлер берілді. 2024 жылы бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер сатып алынған жоқ және берілген жоқ, – деді ол.
Тұрғын үйлердің сапасын құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қадағалайды. 2024 жылдың 15-ші қазанына дейін берілген үйлердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 745 адам тұр.
– Шемонаиха қаласында тұрғын үйге мұқтаждық ерекше байқалуда. Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша биыл тұрғын үй беру жоспарланбаған, – деді әкімнің орынбасары.
Фотосурет: Elorda.info
Пікірлер