A+ A A-

talgatzhan 28 14-10-2024, 15:00 0

Қазақстандағы ең ұзын көпір 20-шы қазанда ашылады

Басты / Күршім / Самар / Зайсан

Күршім, Самар, Зайсан және Марқакөл аудандарын жалғайтын көпір ашылуы кезінде бірқатар шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күршім ауданы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл күні 30-ға тарта киіз үй тігіледі. 
– Қазақ күресі, қол күресі, аударыспақ, гір көтеру, арқан тарту, жаяу жүгіруден жарыс ұйымдастырылады. Республикадан бөлек, Орта Азиядағы ең ұзын көпірдің ашылуы қарсаңында мәдени шаралар да қолға алынбақ. Қазақстанға танымал өнер адамдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Ақ түйенің қарны жарылған дүбірлі тойда сүйіншілеп келген жұртқа ас беріледі. Өтетін орны – Күршім ауданы жағалауы, ұйымдастырушылар – Күршім ауданы әкімдігі мен демеушілер, – делінген ақпаратта.
Басталатын уақыты – сағат 10:00.

Фотосурет m.yk-news.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив