Ер адам бір жылдан астам уақыт бойы Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, борышкер өткен жылдың наурыз айынан бері қала тұрғынына 38 миллион теңге қарызын қайтармаған.
- Жедел іздестіру шарасы аясында ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасына жеке сот орындаушысынан берешегін қайтармаған тұрғынды іздеу туралы қаулы келіп түсті. Полицейлер 1 тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді тапты, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі берген ақпаратта.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде қарызын қайтармаған 30-дан астам тұрғын анықталды.
Пікірлер