A+ A A-

talgatzhan 40 12-09-2024, 17:01 0

Өскеменде 600-ге жуық вейп тәркіленді

Қылмыс / Өскемен

Тыйым салынған электронды темекілер Өскемендегі екі сауда үйіндегі кальян дүкендерінде жасырын сатылғаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары 450-ден астам электронды темекі, сондай-ақ вейптар мен Pod жүйелеріне арналған 10-нан астам сұйықтық тапқан. Дәл сондай екінші дүкеннен 115 электронды темекі тәркілеген. 
- Тыйым салынған темекі өнімдерінің айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңға сәйкес, күдіктілерге 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзету жұмыстары жүргізіледі немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Мұнымен қоса, 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Анықталғандай, полиция биыл 20 маусымынан бастап Қазақстанда тыйым салынған темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), осы тауарларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және пайдаланған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив