A+ A A-

talgatzhan 27 19-09-2024, 12:53 0

Өскеменде қыз балаға қамқоршысы тарапынан күш көрсетіліп келген

Қылмыс / Өскемен

Өңірде қамқоршының асырауындағы кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 109-1-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Омбудсмендердің ұсынған ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың маусым айында ШҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкіліне "Аналар Үйі" ресурстық орталығының өңірлік маманынан кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғу фактісі бойынша хабарлама келіп түсті.
Іс жүргізу барысында қыздың үйден бірнеше рет қашып кеткені анықталды, ал үйіне оралғаннан кейін біраз уақыт өткен соң оның денесінен күш қолдану белгілері, сондай-ақ тері ауруы табылды. Жасөспірімнің психологиялық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланды.
Өскеменнің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясы қалалық қамқоршылық органдарына қорғаншының міндеттерін орындамауына байланысты қорғаншылық құқығынан айыру туралы мәселені қарау және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы басшылығына жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша арыз түсіру ұсынылды.
Қазіргі уақытта Өскемен қалалық полиция басқармасы кәмелетке толмағанның дене жарақатын алуы бойынша объективті фактілерді анықтау мақсатында ҚР ҚК-нің 109-1-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив