A+ A A-

talgatzhan 42 11-09-2024, 14:45 0

Алғаш рет ғарышқа «Тоғызқұмалақ» тақтасы ұшырылды

Республика / Спорт

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды. Ғажайып оқиға жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық ойынымызға әлем назарын аударды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 


Qazsporttv-дің хабарлауынша Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде тоғызқұмалақ  тақтасы алғаш рет стратосфера қабатына шығып, 35 мың шақырым биіктікке көтеріліп, қайтадан жерге жеткізілді.  Тоғызқұмалақ – ғарышқа сапарлаған жалғыз үстел ойыны.


Еске салайық, көшпелілер ойындарында тоғызқұмалақтан алғашқы матчтар 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да басталып, қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түскен.


Фотосурет: Qazsporttv

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив