Айып болып шаһарда өспегенім,
Өлең қуып,өзіңе көшкен едім.
Қос кітабым кезекпен жарық көрді-
Оқырманым тілегін ескеремін.
,,Тұман"түссе,түршігіп,ентігемін,
Қайтсем екен сенетін ел тілегін?
,,Өндіріс ордасы"деп мақтағанға,
Неге ғана,қазағым,сеніп едің?..
Титан,магний,қорғасын-жұтқанымыз,
Мұнаралы мұржалар,жұп болдыңыз,
Мұнаралы мұржалар,жұт болдыңыз.
Аппақ қар да сәлден соң қараяды,
Демікпеге шалдығып ұрпағымыз...
Заманаға зар айтып,еңірейміз,
Ішке жұтып бар сырын меңіреу күз.
Келген жазбен зияны өршеленіп,
,,Жоғарыға"төменнен телміреміз...
Ежелгі Кеңгіртұра-Өскеменім,
Тұсауымды ауылда кескен еді...
Маңдайыма ,,газ жұту"жазылған ба-
Келешекті ойласам,сескенемін,
Қос өзені ойсоқты Өскеменім…
Нұржанат НУРАЛИНА
Фотосурет: tengrinews.kz
Пікірлер