A+ A A-

talgatzhan 70 30-09-2024, 12:20 0

Өзіммен сырласу

Руханият

Шопатов Кәрібек Мұхаметқалиұлы 1955 жылы Күршім ауданы, Еңбек ауылында өмірге келген. 1962 жылы сол жердегі Қаратоғай орта мектебіне түсіп, оны 1972 жылы тәмамдаған. Сол жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетіне оқуға түседі. Осы салада 46 жыл қызмет жасап, көп жылдар Тарбағатай аудандық орталық аудандық №14 дәріханасында меңгеруші, жаңадан құрылған «Тарбағатай аудандық өндірістік «Фармация» кәсіпорнында директор болып қызмет атқарды. Өлең, танымдық-этнографиялық мақалалар жазумен айналысады. Сондай-ақ өлеңдері, әр түрлі тақырыптағы мақалалары облыстық, аудандық газеттерде жарияланып келеді.


Өзіммен сырласу


Мен осы кіммін?-

Жер жаһанның пендесімін,

Жаратқан жанның жүрегімін,

кеудесімін.

Еркелеп еркін өскен Алтай тауда,

Бір шалдың сүт кенжесімін.


Осы мен кіммін,

Мен қайданмын, қаным кімнен?

Нәзіктеумін жаралғандай жаным гүлден.

Қара жер көкторғынға боялғанда,

Шыр етіп жерге түсіп әрім кірген.


Жауқазынмен құрдаспын,

Туылдық бір анадан сен де, мен де.

Кезек еміп қарыз болдық жер дегенге.

Бірге сүріп келеміз талай жылдар,

Өліп кетсем саған парыз,

Cен өлсең мен келейін жерлегенге.


Бәйшешекпен егізбін,

Бір ананың қос емшегін тел емген,

Сен де, мен де нәрін сордық тереңнен.

Сен гүлдейсің көктем сайын гүл жарып,

Мен жүремін қанағат қып өлеңмен.


Ашық еді, айшықты еді әрбір таңым,

Ешкімнің әз көңілін қалдырмадым.

Мұздай болған мұңымды ерітіп өлең,

Жанымды жадыратты жаңбыр дарын.


Жаралған жәудіреген жырдан жаным,

Ешкімнің ештеңесін қызғанбадым.

Өрілген өлеңімді түсінетін,

Бар болса жетіп жатыр тыңдарманым.


Кәрібек Мұқаметқалиұлы,

Кеңгір-Тұра тұрғыны

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив