A+ A A-

admin 0 21-05-2025, 17:00 0

Өскемендегі О.Бөкей атындағы кітапхана Қазақстандағы үздік қалалық кітапхана атанды

Руханият / Өскемен

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапхана республика бойынша «Үздік  қалалық  маңызы бар кітапхана» аталымында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Астана қаласында өтіп жатқан «Рухани Қазына-2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінде Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапхана «Үздік  қалалық  маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
-Бүгінгі Мәдениет және өнер қызметкерлерінің  мерекесі күні бұл жаңалық біз үшін ерекше сыйлық деуге болады. Кітап ордамыздың заманауи жобаларын фестивальде сәтті қорғаған әріптестеріміз Айгүл Ахметжанова мен Шыңғыс Қайсарға ризашылығымызды білдіріп, ортақ жеңісімізбен құттықтаймыз!, - дейді кітапхана қызметкерлері.
Айта кетейік, осыдан 2 күн бұрын елордада мәдениет қызметкерлерінің форумы басталған. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған шараға Қазақстанның әр түкпірінен бұл салада тер төгіп жүрген мамандар жиналды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив