A+ A A-

53 5-09-2024, 08:52 0

Туған ел, саған сағыныш

Руханият

Жандосым Асқабиев 1981 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Ол бұрынғы Тарбағатай ауданы, қазіргі Зайсан ауданы, Шілікті ауылының тумасы.

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылының тұрғыны. Ағаш өңдеу шеберханасында жұмыс істейді.

Жандосым Асқабиев айтыс ақындары мен халықаралық жыршы термешілер одағының, Қазақстан авторлар қоғамының, Барқытбел жыр жебе ақындар клубының мүшесі. Қазақстан авторлар қоғамының атынан республикалық “ҚазАқ” және “Қазақстан лауреаты” төсбелгісінің иегері.


Туған ел, саған сағыныш 

 

Балалық шақты еске алып,


Отырған ақын жыр жазып.


Ауылым жатыр шалғайда,


Жүгіртіп көзді зер салып.


 

Бұлт пенен тауым таласқан,


Ән менен сазға үн қосқан.


Қойнауы толған алтынға,


Маңырақ Сауыр ұштасқан.


 

Барқытбел елді мекенім,


Шіліктім сен деп өтемін.


Тарбағатай егіз Зайсаным,


Туған ел, саған қызмет етемін.


 

Жүректе мәңгі сағыныш,


Тәңірге ол да бағыныш.


Тау-тасың ыстық білемін,


Жыр тұлпар, мені алып ұш.


 

Таулықпын деген Мұқаң да,


Жырлаған елді заманда.


Менде сол таудың ұлымын,


Жерім деп өткен Хамаң да.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив