Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы жолдарда шектеу қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шектеулер тіркемелері және жартылай тіркемелері бар жүк көліктері мен жолаушылар автобустарына енгізілді:
Республикалық маңызы бар тасжол:
1.Өскемен-Алматы-Шемонаиха-РФ шекарасы (1194-1212 км, Шемонаиха – РФ шекарасы, 1123-1191 км, Предгорное – Шемонаиха);
2.Өскемен-Риддер-РФ шекарасы (15-105 км, Белоусовка - Риддер)
3.Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай- Рахман қайнарлары (6-166 км, Ушанов – Алтай)
Облыстық маңызы бар тасжол:
1.Шемонаиха-Секисовка (0-56 км)
Сондай-ақ Өскемен-Тарғын-Самар (63-145 км, Тарғын-Самар) облыстық маңызы бар тасжолы бойынша көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
Фотосурет gov.kz
Пікірлер