458.13 502.29 5.58
A+ A A-

«Әділет» партиясы Жаңаауыл тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

«Әділет» партиясы Жаңаауыл тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылында «Әділет» партиясының өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz.

Кездесу барысында Президент Жолдауында көтерілген басым бағыттар мен ел дамуының алдағы кезеңіне арналған негізгі міндеттер кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Партия өкілдері Жолдауда белгіленген міндеттердің әрбір өңір мен елді мекен үшін маңыздылығын атап өтті. Әсіресе ауылдық аумақтарды дамыту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жақсарту және ауыл халқының өмір сапасын арттыру бағыттарының өзектілігі сөз болды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді халық арасында түсіндіруге, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдауға және қоғаммен кері байланысты нығайтуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив