A+ A A-

talgatzhan 75 13-12-2024, 16:20 0

Өскемендегі ШҚУ және ШҚТУ түлектері өңірдегі жұмыс берушілермен кездесті

ШҚО / Бүгін

11-12 желтоқсан күндері ШҚО-да екі ірі жоғары оқу орнының түлектерін – С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ды біріктірген ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл кездесу жас мамандар үшін мансаптық бастама алаңы болып қана қоймай, түлектердің, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің байланысын нығайтты.
Іс-шараның бағдарламасы екі негізгі бөлімнен тұрды. Алғашқысы – пленарлық отырыс. Ресми бөлімде қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар қатысты. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды:
• «Дипломмен – ауылға!»,
• «Ерікті өңіраралық қоныс аудару»,
• «Жастар практикасы».
«Серпін – 2050» және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламаларының 171 түлегі жұмыспен қамту мүмкіндіктері, өңірлердің инфрақұрылымы мен даму ерекшеліктері туралы маңызды ақпарат алды.
Екіншісі – бос жұмыс орындар жәрмеңкесі. Бұл – 500-ге жуық түлектің жұмыс берушілермен тікелей танысуына арналған тәжірибелік алаң. Олар ШҚО-дағы кадрларға нақты сұраныс туралы ақпарат алып, байланыс орнату және жұмысқа орналасу жолдары туралы талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараның мақсаты – тек түлектерге жұмыс тауып беру ғана емес, сонымен қатар Марқакөл, Катонқарағай және Тарбағатай сияқты шекаралас және жаңадан құрылған аудандардағы кадр тапшылығы мәселесін шешу. Бұл өңірлерге жас, жігерлі және білікті мамандар қажет.
Кездесу жастар мен аймақтық кадр қажеттіліктерін байланыстыратын негізгі буынға айналды. Шара барысында ұсынылған мемлекеттік бағдарламалар ауылдық аймақтар мен шекаралас өңірлердің дамуына өз үлесін қосуға дайын мамандар үшін елеулі жеңілдіктер ұсынады.
Қатысушылардың пікірі бойынша, мұндай кездесулер жұмысқа орналасу мәселесін шешумен қатар, жастарды өз өңірінде қалуға, оны дамытуға және болашағын туған жерінде құруға ынталандырады. Ал жұмыс берушілер жас және болашағынан үміт күттіретін мамандарды табуға мүмкіндік алды.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ түлектерінің кездесуі мемлекет, ЖОО және бизнестің бірлескен күш-жігері жастардың еңбек нарығына сәтті интеграциясы мен өңірдің, соның ішінде шекаралас аймақтардың дамуына жол ашатынын көрсетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив