A+ A A-

talgatzhan 10 1-09-2024, 11:13 0

ШҚО шахтасында қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі 

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында көз жұмған 4 адамның отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев «Ертіс» шахтасында қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС-ның, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкері. Тағы бір зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жатқызылды.
«Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл үшін облыстық жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр», - дейді өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив