A+ A A-

talgatzhan 33 4-02-2025, 11:10 0

ШҚО тұрғыны қарыз алып, басқа облысқа тайып тұрған

ШҚО / Қылмыс / Бүгін

Өткен жылы тәртіп сақшылары қарызын төлеуден жалтарып, жасырынып жүрген 40-тан астам адамды іздеп тапқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері 2023 жылдың сәуір айынан бері қарызын төлеуден жалтарып жүрген ер адамның орналасқан жерін анықтады.

- Шығысқазақстандық азамат танысынан бизнесін дамыту үшін ақша алған. Алайда оның кәсіпкерлік бастамасы сәтсіз аяқталып, қарызы өтелмей қалған. Іздеу жарияланғаннан кейін көші-қон қызметі оның Ақтауда екенін анықтады, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі берген хабарламада.

Енді қарызды өндірумен құзырлы органдар айналысатын болады.

Полиция қызметкерлері азаматтарға атқарушылық құжаттарды орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Фотосурет:halyq-uni.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив