A+ A A-

42 1-10-2024, 11:10 0

«Мен үшін атамның орны ерекше»: ШҚО түрмесіндегі ең қарт сотталушыдан немересі бата алды

ШҚО / Қылмыс

Жақында отбасы құратын шығысқазақстандық жас жігіт түрмедегі атасынан бата алуға келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, қария ҚР ІІМ ҚАЖК (орташа қауіпсіздік) №17 мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың ішінде ең егдесі. Темір тордың ары жағындағы кездесу уақытша болса да атасы мен немересінің бір-бірінен хал сұрасуы сырт көзге жылы көрінген. Шамасы, ол немересі келеді деп еш күтпеді, сондай-ақ оны қылмысы үшін кешірмейді деп те ойлаған.
Екеуара сыйластық пен риясыз сезім бейнебақылау арқылы да көптің көңілін босатты. Бейнежазбаға зер салсақ, немересінің қарттың денсаулығына алаңдайтыны, қолынан мейірлене ұстағаны анық байқалады.
- Жақын арада отбасылы болып, үйленуді жоспарлап отырмын. Сондықтан қазыналы қартымыздан, үйдің үлкенінен, атамнан бата алуға келдім. Өмірде біз ойламаған түрлі жағдай болады, соған қарамастан мен үшін атамның орны ерекше, - деді немересі.
ШҚО ҚАЖК департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, істі болған қарияның жасы 82-де.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив