Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты мекеме өкілдерінің мәліметінше, тіректерді қою мен белгіленген 20 аралық құрылымды орнату жұмыстары толығымен аяқталды. 20 аралықтың 15-іне екі қабат асфальт төселіп, қалған аралықтарға арматура және бетондау, яғни асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қаржыландыру мәселесі бойынша 2024 жылға 25 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда оның 20 миллиарды игерілді. Негізгі бөлінген сомма 60 миллиард теңгені құрайды. Қазір оның 51,7 миллиарды жұмсалған.
Пікірлер