A+ A A-

talgatzhan 33 19-02-2025, 17:10 0

Баварияның жолы болды

Спорт / Бүгін

Чемпиондар лигасының кезекті ойыны, Бавария өз алаңында шотландиялық Селтикті қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Командалар осымен екінші рет жолықты. Алғашқы ойын ақпанның 13-ші жұлдызында, Шотландияда, «Селтик Парк» стадионында өткен еді. Ол кезде неміс мәшинесі алаң иелерінен айласын асыра біліп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Матчта есеп ашқан бавариялық ойыншы Майкл Олисе ойынның 45-ші минутында алғашқы голды салды. Арада 4 минут өткенде германиялық команда есепті еселей түсті. Голдың авторы – Гарри Кейн.
Ойынның 79-шы минутында алаң иелері сол кездесудегі өздеріне тиесілі жалғыз гол салды және ол голдың авторы жапониялық ойыншы – Дайдзэн Маэда. Осылайша, қос команда арасындағы алғашқы ойын 1-2 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Ал бүгінгі матч Мюнхэндегі «Альянс Арена» стадионында өтті. Алғашқы таймда есеп 0-0 болып, өзгеріссіз қалды. Бір қызығы, мұнда алаң иелеріне қарағанда қонақтардың жасаған шабуылы күтпеген әрі қауіпті шықты. Венсан Компани бастаған жігіттердің алғашқы таймда есеп аша алмауы қонақтарға жеңіске деген үлкен үміт сыйлады десек, артық айтпаған болар едік. Сөйтіп, 2-ші тайм да басталды. Команда бапкері Венсан ойын басында алаңға Гарри Кейннің орнына Кингсли Команды шығарды. 
Ойынның 62-ші минутында неміс мәшинесінің қорғанысында өрескел қателіктер шығып, қонақтар осы кездесудің алғашқы голын соқты. 10-ші нөмірлі шабуылшы Николас Кюннің тепкені қақпа торын бүлк еткізді. Қызығы сол, бұл шабуылшының ұлты – 
 неміс. Бұл голдан соң ойын жандана түсті, ал осы сәттегі жалпы есеп 2-2.
Ойынның 77-ші минутында алаң иелеріне қарсы тәртіп бұзылып, төреші стандартты жағдай белгіледі. Бавариялық футболшының соққысы өте қауіпті болғанымен, Каспер Шмейхель қақпасын голдан қорғап қалды. Төреші 2-ші таймның негізгі уақытына 4 минут қосты. 90+4 минутта алаң иелері тоқтаусыз шабуыл жасап, таблодағы нәтижені жаңартты. Жеңіс голының авторы – Алфонсо Дейвис. Есеп: 3-2.
Осылайша, қос команда арасындағы нағыз Чемпиондар лигасына лайық ойын аяқталып, Бавария келесі кезеңге жолдама алды.

Алмас Келесбай

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив