447.52 502.21 5.41
A+ A A-

Шахтадағы қайғылы жағдайдан соң ШҚО әкімі орынбасарына тапсырма берді

Шахтадағы қайғылы жағдайдан соң ШҚО әкімі орынбасарына тапсырма берді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Нұрымбет Сақтағанов Шемонаиха ауданындағы Артемьев шахтасында кәсіпорын қызметкерінің қаза болуына байланысты бүгін «Востокцветмет» ЖШС мен KAZ Minerals тобы басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы алдымен марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.
– Кездесу барысында оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі ашық тексерудің маңызын ерекше атап өттім. Сондай-ақ кәсіпорынның уәкілетті мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен жедел әрі тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттігін жеткіздім, – деді Нұрымбет Аманұлы.
Облыс әкімінің сөзінше, еңбек қауіпсіздігі мәселелері әрдайым басты назарда болуы тиіс.
– Компания басшылығына өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау, уәкілетті органдардың барлық нұсқамаларын уақтылы орындау және осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау маңызды екенін атап өттім. Кездесу қорытындысыда орынбасарыма осы өндірістік нысандағы қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп, салалық министрлікке жолдауды тапсырдым, – деді әкім.

Фотосурет: saktaganovnurymbet парақшасынан

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив