Қалалық полиция бөліміне электроника дүкенінің сатушысы тауардың жоғалғаны туралы арыз түсірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу барысында 2-9 мамыр аралығында белгісіз ер адамның 7 дана «Алиса» Яндекс-станса құрылғысын жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды. Сауда орнына келтірілген материалдық шығын 400 000 теңгеден асты.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы барлық дерек толық ашылып, 46 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер