A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:20 0

Өскеменде үш жасар бала жоғалып кетті

Бүгін / Өскемен

17 маусым сағат 17:19-да «102» жедел арнасына қала тұрғынынан үш жасар немересінің жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның айтуынша, бүлдіршін аулада ойнап жүрді. Алайда белгісіз бағытқа кетіп қалған. Өз бетімен іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң әйел полициядан көмек сұрады. 
Хабарлама түскен бойда полицияның жеке құрамы баланы іздеуге шықты. Іздестіру шараларына «Буран-20» экипажы – полиция аға лейтенанты Бақытбек Айдын мен қатардағы қызметкер Азат Әшімов дереу кірісті.
Нәтижесінде бүлдіршін үйінен шамамен бір жарым шақырым жерден аман-есен табылды.
Барлық жағдай анықталғаннан кейін ол туыстарына қайтарылды.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдеріне балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттігін еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив