A+ A A-

talgatzhan 52 Бүгін, 11:30 0

Өскеменде республикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Бүгін / Өскемен

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен Өскемен қаласында «Найза-2026» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқу-жаттығу барысында күштік құрылымдар терроризм тұрғысынан осал объектілердегі түрлі жағдайлардың даму сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелерін пысықтайды.
Осыған байланысты бірқатар уақытша шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын шектеу қарастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Шығыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабы

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив