Облыста тұтынушылар құқығының бұзылуына қатысты шағымдар саны артып келеді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ішкі сауда мәселелері мен азаматтар өтініштеріне жауапты ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті былтыр 1272 өтінішті қараған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға көп. Былтыр департаментке 920 өтініш түскен болатын.
Өтініштерді қарау нәтижесінде тұрғындарға 43 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Салыстырмалы түрде алғанда, 2024 жылы қайтарылған қаржы көлемі 27 миллион теңгені құраған.
Ал осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында департаментке 751 өтініш келіп түскен. Осы кезеңде тұтынушыларға 23,6 миллион теңге қайтарылған.
Мамандар сөзінше, өңір тұрғындары өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жиі жүгіне бастаған. Бұл азаматтардың құқықтық сауаттылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Пікірлер