A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 21:00 0

Өскеменде ерекше фестиваль өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін облыс орталығында бұрын-сонды болмаған “Oskemen Life” фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауқымды іс-шара Чехов және Горький көшелерінің қиылысында, Арбат пен Қасым Қайсенов саябағының аумағын қамтыды.
Ойын алаңдары мен фотосуретке түсуге арналған аймақтардан бөлек, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, караоке және би алаңы болды. Кішкентай қала тұрғындары асфальтқа сурет салып, көңілді ойындарға қатысты.
– Өзіме қатты ұнап жатыр. Локациялардың безендірілуі ерекше. Мұнда балаларыммен келдім. Олар да ойнап, түрлі жарыстарға қатысып, мәз болып жатыр, - деді қала тұрғыны Альмира Ерназ.
Сондай-ақ көшелерде арнайы тамақтану орындары да жұмыс істеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив