«Oskemen Life» жазғы фестивалі аясында жастарға арналған арнайы TikTok алаңы жұмыс істеді. Ерекше форматтағы іс-шара жасөспірімдердің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара барысында қатысушылар арнайы безендірілген шығармашылық алаңдарда бейнероликтер түсіріп, танымал әндерге биледі. Сондай-ақ жастар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына контент әзірлеп, фестивальден алған әсерлерімен бөлісті.
Сондай-ақ олар түрлі челлендждерге қатысып, көңілді уақыт өткізді.
«Oskemen Life» фестивалі жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, қаланың мәдени өміріне жаңа серпін берді.
Пікірлер