A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:10 0

Өскеменде симфониялық оркестрдің концерті өтті

Бүгін / Өскемен

Кеше Республика алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары маусымның аяқталуына орай аясында ашық аспан астында концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығармашылық кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. 
ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі «SAN REMO алтын хиттері» атты бағдарламамен өнер көрсетті. Оркестрге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсанов дирижерлік етті. Сахнаға танымал солистер Арника Байбосынова, Фарид Исмаилов, Әсем Рыспаева, Юлия Юрочкина және Роман Хохлов шықты.
– Осындай концерттер ерекше ұнайды. Музыка - адам жанын емдеуші. Сондықтан мұндай іс-шараларға жиі келуге тырысамын, - деді қала тұрғыны Меруерт Темешова. 
Айта кету керек, концерттік кештің басты мақсаты – көрерменге жоғары деңгейдегі кәсіби музыкалық өнерді насихаттап, классикалық, ұлттық және заманауи музыканы кеңінен дәріптеу. 
Төрт күнге созылған кеш 21 маусым сағат 20:00-де «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» концертімен аяқталмақ. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив