A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 09:35 0

ШҚО-да қоғамдық көліктерді тексеру кезінде 280-нен астам бұзушылық анықталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде 19-23 маусым аралығында өткен «Автобус» жедел алдын алу шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Рейдке көлікті бақылау инспекциясымен бірге 390-нан астам полиция қызметкері қатысты. Олар автобустың техникалық жағдайына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жолаушылар тасымалының заңдылығына назар аудара отырып, қоғамдық көлікерді тексерді.
Шара барысында жолаушылар мен жүк тасымалдайтын 500-ден астам қоғамдық көлік пен басқа да көлік құралдары тексерілді. Сондай-ақ қызметкерлер 16 автобус аялдамасын және 400-ден астам жүргізушіні тексерді.
Тексеру нәтижесінде 280 жол қозғалысы ережелері мен жолаушылар тасымалы туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды. Сонымен қатар бес жүргізушінің көлік жүргізуіне кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдері бар екені де белгілі болды.
Заң бұзушылықтар үшін алты көлік арнайы тұраққа қойылып, 16 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив