Облыс орталығында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, әр арканың ұзындығы — кемінде 15 метр. Құрылымдар ашық түсті гүлдерден жасалған композициялармен безендіріледі. Әрқайсына сегіз аспалы гүл құмырасы орналастырылады.
Кешкі және түнгі уақытта аркалар қосымша жарықтандырылып, қала көшелеріне ерекше сән бермек.
Жаңа нысандар шаһар келбетін көркейтіп, қоғамдық орындардың тартымдылығын арттырады. Сондай-ақ серуендеуге арналған орындардың қатарын көбейтеді.
Пікірлер