A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 10:10 0

ШҚО-да пробациялық есепте тұрғандар тексерілді – құқық бұзушылық тіркелді ме?

Бүгін / ШҚО

Облыс аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, пробация есебінде тұрған азаматтарды бақылауды күшейту және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында екі жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, 15-20 маусым аралығында облыстық «Есептегі тұлға» және 17-24 маусым аралығында облыстық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары қолға алынды.
Іс-шаралар аясында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерлері тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар ұйымдастырылды.
Рейдтік шаралар барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері мен азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және оларды қоғамға бейімдеу мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
ШҚО ҚАЖД Сол жағалау аудандық пробация қызметі бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Мұхтарбекқызының айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.
– Пробация қызметінің басты міндеті – сотталған азаматтарды бақылау ғана емес, оларды қоғамнан шеттетпей, қайта әлеуметтенуіне жағдай жасау. Осы бағытта жүргізілетін профилактикалық жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді ол.
Өз кезегінде ШҚО ҚАЖД Сол жағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға лейтенанты Диана Жупарканова мұндай іс-шаралардың маңызына тоқталды.
– Облыстық «Есептегі элемент» және «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында есепте тұрған азаматтардың мінез-құлқына бақылау жасалып, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Әр азаматтың түзелу жолына түсуі мен қоғамға бейімделуі – біздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді аға лейтенант Диана Жупарканова.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив