Бұл туралы «Өскемен Водоканал» коммуналдық кәсіпорнының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кәсіпорын мәліметінше, енді бақшаны тек түнгі уақытта – сағат 23:00-ден 05:00-ге дейін суаруға рұқсат етіледі.
Мамандар тұрғындарды белгіленген талаптарды сақтауға және су ресурстарын үнемді пайдалануға шақырады.
«Өскемен Водоканал» кәсіпорнының ақпаратынша, бұл шектеу қаладағы сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пікірлер