A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 15:00 0

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды

Бүгін / Республика

Биыл Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті.Бұл отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалардың қоғам тарапынан кең қолдау тауып отырғанын көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, 2024 отбасы өз еркімен қатысуға өтінім берсе, 1583 отбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастамасымен байқауға қосылды.

Ең көп өтінім Қарағанды және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан түсті. Конкурс екі кезең бойынша өтеді. Алдымен аудандық және қалалық деңгейдегі комиссиялар құжаттарды қарап, облыстық кезеңге жолдама алатын отбасыларды анықтайды.

Одан кейін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және елорда комиссиялары республикалық кезеңге қатысатын жеңімпаздарды іріктейді. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында Отбасы күні қарсаңында өтеді.

Ұлттық конкурс дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, отбасы институтын нығайтуға және оның қоғамдағы орнын айқындай түсуге бағытталған. Байқау өткізілген жылдар ішінде оған Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив