A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 15:40 0

ШҚО-да биыл 10 орман өрті тіркелді

Бүгін / ШҚО

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік орман қорында жалпы аумағы 21 гектардан асатын 10 орман өрті тіркелді. Қызыл жалынды сөндіруге 190-нан астам адам мен 37 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандардың айтуынша, өрттердің негізгі себебі – найзағайдың түсуі, құрғақшылық пен аптап ыстық сияқты. Кей жағдайларда от ауыл шаруашылығы алқаптары мен елдімекендер аумағынан орманға таралады.

Өрттің алдын алу мақсатында өңірде 288 адамнан 48 мобильді топ жасақталып, 513 рейд өткізді. Түсіндіру жұмыстары аясында 100-ден астам дөңгелек үстел мен 120-дан астам тұрғындар жиыны ұйымдастырылды. 

Басқарма мәліметінше, орман қорын әуеден бақылау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тарапынан 794 ұшу сағаты қарастырылған. Сондай-ақ облыс әкімдігіне қарасты Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағының 20 қызметкерінен тұратын қосымша мемлекеттік өртке қарсы қызмет жұмыс істейді. Бұл қызмет «Қазавиаорманқорғау» десантшыларымен бірлесіп, қолжетімділігі қиын аудандарға жедел жету үшін мобильді топ құрады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мемлекеттік орман қорындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман өрттерін сөндіру жұмыстарын басқару заңнамаға сәйкес орман мекемелері мен мемлекеттік орман күзетіне жүктелген. Сонымен қатар құтқарушылардың күштері мен құралдары орман өрттерін сөндіруге қосымша көмек ретінде тартылады. Әсіресе, елдімекендер мен экономика нысандарына қауіп төнгенде немесе ірі төтенше жағдайлар кезінде олардың көмегінің маңызы зор.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив