A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 20:00 0

Самар ауданының бас дәрігері Ерік Зиядановты соңғы сапарға шығарып салды

Бүгін / Самар

Маусымның 24-і күні аудандық аурухананың әлеуметтік желідегі парақшасында бас дәрігер Ерік Файзулдаұлының өмірден өткені туралы суық хабар тараған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сол күні аурухана дәрігерлері мен қызметкерлері дәліз бойында қаз-қатар тұрып, бір минут үнсіздік жариялады. Олардың бірі бас дәрігердің Самар ауылындағы еңбек жолына қысқаша тоқталды. Айтуынша, Ерік Файзулдаұлы бұл жаққа 1998 жылы Семей медициналық университетін бітіріп, жас маман болып келді.
– Бәрін қосқанда 28 жыл еңбек етіпті. Жоғары санатты хирург, білікті басшы, мінезі жұмсақ адам. Әр адамға жаны ашып тұратын. Туыстарына, ата-анасына, балаларына, жұбайы Сәбира Қажыбекқызына қайғырып көңіл айтамыз. Орны толмас өкініш. Алар асуы, шығатын шыңы көп еді, – деді ол.
Ертеңінде Шығыс Қазақстан облысының акушер-гинекологы Марат Көксегенов марқұмның жақындарына көңіл айтты.
– Ағамыз, досымыз, Самар ауданының бас дәрігері Зияданов Ерік Файзулдаұлы дүниеден кетті. Өткен жұмада Риддер қаласында ойнап-күліп, медицина қызметкерлері күнін тойлап жүргенбіз. Бірге әңгімелесіп отырдық. Енді ол кісі жоқ. Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын. Отбасы, туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамын, – деді ол.
Ал бүгін, маусымның 26-ы күні Ерік Зиядановты жақындары, отбасы, достары, әріптестері, жерлестері соңғы сапарға шығарып салды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ (Фото: serik_jenisov)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив