A+ A A-

talgatzhan 62 Бүгін, 14:35 0

ШҚО-да халық саны азайып барады

Бүгін / ШҚО

Осы жылдың алғашқы бес айында облыс халқының саны 2000-нан астам адамға азайған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың басында  халық саны 718 995-ке жетті. Ал 1 маусымға қарай бұл  көрсеткіш 716 979-ға азайды.
Тұрғындар саны төмендеуінің негізгі себебі - көші-қон. Қаңтар-мамыр айларында аймақтағы көші-қон сальдосы -1442 болды. 
Облыста халықтың табиғи азаюы да байқалды. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, қаңтар-мамыр айларында табиғи өсім -574 болды, яғни өлім саны туу санынан 574-ке асып түсті.
Бұдан бөлек, қалаларда халық саны 486 480-нен 485 933-ке дейін, ауылдарда 232 515-тен 231 046-ға дейін азайды. 
Жалпы Қазақстан бойынша халық саны бес айда 76 157-ге өсіп, 1 маусымдағы жағдай бойынша 20 575 979 адамға жетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив