A+ A A-

talgatzhan 28 Бүгін, 16:00 0

Өскеменде арнаулы кітапхана қызметкерлері халықаралық конференцияға қатысты

Бүгін / ШҚО

«Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ кітапханашылары 29-30 маусым күндері «Болашаққа батыл қадам: Кітапхана – жасанды зерде кезеңінде» атты халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған конференцияны ұйымдастырушы Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана ұжымы.
Конференция барысында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуы жағдайында кітапхана саласын трансформациялауға қатысты түйінді мәселелер қаралды.
Ұйымдастырушылар жаһандық теориялық трендтер мен нақты кейстер арасында мінсіз тепе-теңдікті сақтай отырып, күнделікті жұмысты автоматтандыруға нейрондық желілерді енгізу мен оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Спикер Ресей Ғылым академиясы қызметкері, п.ғ.д В.В.Степанов көтерген мәселелерді ерекше атап өткен жөн.
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қызметкерлері Н. Тортавул, Р.Бабиров, Р.Климов, Б.Даулбеков, Д.Голованов сияқты спикерлер кітапханашыларды жасанды интеллект алмастыра алмайтындығын, керісінше, ол шығармашылық және зерттеу жұмыстарына уақыт беретін қуатты құрал екендігіне көз жеткізді. 
Конференция тек спикерлерді тыңдау ғана емес, жалпы мамандардың өзекті мәселелермен бөлісу, талдау алаңына айналды, конференцияға арнайы ат басын бұрған Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы докторанты (Алматы қ.) Шынар Мұқашеваның цифрлы дәуірдегі болашақ кітапханашы мамандарының кәсіби дамуы мен құзыреті туралы тұшымды пікірлері де көңілді қонымды болды.
Конференция қорытындысы бойынша кітапханашыларға қатысушы сертификаттары да табысталды.

ШҚО мәдениет басқарамасының «Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ кітапханашысы Жанаргүл Мажитова

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив