A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:50 0

ШҚО-да «Әділет» партиясы филиалының басшылық құрамы жасақталды

Бүгін / ШҚО

«Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуіне қолдау көрсету. Сондай-ақ қатысушылар партияның облыстық филиалының басшылық құрамын жасақтау мәселесін қарады.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық филиалдың басшысы болып Жанат Мекеева сайланды. Ол мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызмет саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Жаңа қызметінде ол облыстық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға және азаматтармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жетекшілік етеді.
Саяси кеңес құрамына шағын және орта бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес сектор, бұқаралық ақпарат құралдары және өңір экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі салаларын таныстыратын өзге де бағыттардың өкілдері енді. 
Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, құқықтану және басқа да кәсіби бағыттар бойынша тәжірибесі бар мамандар енді. 
Басшылық құрамның жасақталуы «Әділет» партиясының облыстық филиалын құру жұмысының ұйымдастырушылық кезеңін түйіндеді. 
Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізу, партиялық бастамаларды жүзеге асыру, сарапшылар қоғамдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысты нығайту ісіне кіріседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив