A+ A A-

talgatzhan 27 Бүгін, 13:20 0

ШҚО-дағы 17 жастағы шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын алу үшін Aktobe Open турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдияр Ансат – Қазақстанның талантты жас шахматшыларының бірі. 

- Ол алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында – ең жас FIDE шебері, 13 жасында – халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. Оның спорттық жолындағы айтулы жетістіктердің бірі – 10 жасында Қазақстан чемпионатында бірден екі жас санатында топ жаруы. Алдияр 12 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алып, ел шахматы тарихындағы бірегей жетістікке қол жеткізді. 15 жасында ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы атанып, өзінің жоғары шеберлігі мен зор әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді, - делінген ресми ақпаратта. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив